Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
2023 жылғы 12 сәуірде мектебімізде 12.00-де шахмат ойыны оқушылар мен ұстаздар арасында ұйымдастырылды. Ойыншылар жереби алу арқылы жұптасты.
Шахмат челленджіұстаздар мен оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту болды.
Челлендждің міндеттері:
- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
- балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Реквизиттер: үстелдер, орындықтар, шахмат, шахмат сағаттары.
Ойын шарттары:
Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізілді. Екі команда арасында жарыс түрінде болды: бірі - білім алушылар, екіншісі - педагогтер. Ойын рапид уақытымен өтті. Ойын барысында жеңіске 10 "А" сыныбының ұлдары 2 ұпай алып, ұстаздарға 0 ұпай берілді