Мектебімізде қыркүйек айының 14 күні педагог-психолог А.Бикозиева мен педагог - ассистент Ұ.Жарылқасынова 1 сынып ата-аналарымен «1-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты конференция ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері және мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Конференция барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жаттығулар, ойындар ойнады. Сонымен қатар ата-аналарға кеңестер берілді.